Танытым орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ олардың қызметіне қойылатын талаптарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 24 шілдедегі № 142 бұйрығы
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Танытым орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ олардың қызметіне қойылатын талаптар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастырылуын;
3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшалары орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне орындалуы туралы ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі | Е. Мырзабосынов |
Қазақстан Республикасы
туризм және спорт министрі
2026 жылғы 24 шілдедегі
№ 142 бұйрығымен бекітілген
Танытым орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ олардың қызметіне қойылатын
талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Танытым орталықтары қызметінің қағидалары мен шарттары, сондай-ақ олардың қызметіне қойылатын талаптар (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және танытым орталықтары қызметінің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ олардың қызметіне қойылатын талаптарды айқындайды.