Бал ара шаруашылығы туралы
2002 ж. 12 наурыздағы № 303-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 27 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң бал ара шаруашылығы өнімін өндіру, бал араны қорғау, пайдалану және молықтыру, оларды ауылшаруашылық дақылдарын және барлық тозаңдандырылатын флораны тозаңдандыру үшін тиімді пайдалану, ара шаруашылығының, сондай-ақ өсімдік шаруашылығының өнімділігін арттыру үшін жағдай жасау, бал ара шаруашылығымен айналысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін сақтау кепілдіктерін қамтамасыз ету саласындағы қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) аналық бал ара - бал ара ұясының молықтырылуын қамтамасыз ететiн ұрғашы бал ара;
2) асыл тұқымды шаруашылық - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы аттестаттаған, белгiлi бір асыл тұқымды бал ара ұяларын және асыл тұқымды бал араларының ұрықтанған аналықтарын өсiру мен өткізуді жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъект;
3) асыл тұқымды бал ара ұясы - өзiнiң тұқымдық белгiлерiн ұрпағына тұрақты түрде беретiн таза тұқымды, жоғары сыныпты бал араларының өнiмдiлiгi жоғары ұясы;
4) бал араның бал ұясы - бал араның бал ұясын ұстауға арналған құрылыс;