Все сервисы
Qarzhy
Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беру қағидаларын және біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 308 бұйрығы
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026 жылғы 10 қыркүйектегі № 451 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 16 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың транзитіне рұқсат беру қағидалары және біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
М. Карабаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы

Добавить в список основных источников в Google