Все сервисы
Qarzhy
«Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 30 маусымдағы № 456 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақта:
6), 7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Пана іздеуші адам немесе босқын мәртебесін алған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды болған жері бойынша уақытша есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.».
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

Добавить в список основных источников в Google