Все сервисы
Qarzhy
Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқарушы адамдардың мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының м.а. 2026 жылғы 8 шілдедегі № 121 бұйрығы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқарушы тұлғалардың мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 18 мамырдағы № 116 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32549 болып тіркелген);
2) «Мемлекеттік қызметті өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 және «Мемлекеттік қызметшілердің мүлкін сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 18 мамырдағы № 116 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 13 наурыздағы № 49 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38166 болып тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

Добавить в список основных источников в Google