Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция
Старая версия сайта

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 350-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 14 шілдедегі № 350-VIII Заңы (қолданысқа енген жоқ)
Датавторник, 14 июля 2026
Статус
Не введен в действиевводится в действие с 1 января 2026, 26 июля 2026, 14 сентября 2026, 1 января 2027, 1 июля 2027

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

 ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік

басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

1) 44-1-баптың 8-тармағында:

оныншы бөлік мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:

«Осы шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала құрылысы құжаттамасын кейіннен әзірлеудің не оған өзгерістер енгізудің ықтимал мүмкіндігі болған кезде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жағдайларына қолданылмайды.»;

мынадай мазмұндағы он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктермен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаның нысанасы ескерілетін қала құрылысы құжаттамасын кейіннен әзірлеудің не оған өзгерістер енгізудің ықтимал мүмкіндігінің болуын Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабына сәйкес мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаны айқындау тәртібіне сәйкес тиісті уәкілетті органдармен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган растайды.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобада көзделген өнеркәсіптік (өндірістік) объект пайдалануға берілгенге дейін қала құрылысы құжаттамасын уақтылы әзірлемегені не оған өзгерістерді уақтылы енгізбегені үшін жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдаған адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жоба үшін жер учаскесін беру тәртібі Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 20-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен қоғамдық талқылауларды қамтиды.»;

2) 44-2-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

«Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінің күші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала құрылысы құжаттамасын кейіннен әзірлеудің не оған өзгерістер енгізудің ықтимал мүмкіндігі болған кезде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жағдайларына қолданылмайды.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаның нысанасы ескерілетін қала құрылысы құжаттамасын кейіннен әзірлеудің не оған өзгерістер енгізудің ықтимал мүмкіндігінің болуын Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабына сәйкес мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру үшін инвестициялық жобаны айқындау тәртібіне сәйкес тиісті уәкілетті органдармен келісу бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган растайды.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобада көзделген өнеркәсіптік (өндірістік) объект пайдалануға берілгенге дейін қала құрылысы құжаттамасын уақтылы әзірлемегені не оған өзгерістерді уақтылы енгізбегені үшін жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдаған адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жоба үшін жер учаскесін беру тәртібі Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 20-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен қоғамдық талқылауларды қамтиды.»;

3) 92-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы «елу» деген сөз «отыз» деген сөзбен ауыстырылсын;

4) 109-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінің ережелері Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жағдайларына қолданылмайды.».

2. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:

1) 1-баптың 1-тармағының 35) тармақшасындағы «некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) және балалы болғысы келетін» деген сөздер «некеде тұратын (ерлі-зайыпты) және балалы болғысы келетін, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 54-бапта:

1-тармақтағы «шарты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптары сақтала отырып, жазбаша нысанда жасалады және», «куәландыруға» деген сөздер тиісінше «шартын некеде тұратын (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын сақтай отырып, жазбаша нысанда жасайды және ол», «куәландырылуға» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

«1-1. Некеде тұратын (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтары ғана суррогат ана қызметіне тапсырыс берушілер бола алады.»;

3) 57-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Суррогат ана болу шартын жасасу кезінде некеде тұратын (ерлі-зайыпты) Қазақстан Республикасының азаматтары, ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер):».

3. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне:

1) 82-баптың бесінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) сот сараптамасы органының сарапшыларына;

2) жеке сот сарапшыларына;»;

2) 87-бапта:

жетінші бөліктегі «қызметкері» деген сөз «сарапшысы» деген сөзбен ауыстырылсын;

оныншы бөліктегі «қызметкері» деген сөз «сарапшысы» деген сөзбен ауыстырылсын;

3) 91-баптың бесінші бөлігіндегі «органдарының қызметкері» деген сөздер «органының сарапшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;

4) 110-баптың бесінші бөлігіндегі «органының сараптама», «тиісті бюджетке» деген сөздер тиісінше «органының, жеке сот сарапшысының сараптама», «олардың шотына» деген сөздермен ауыстырылсын.

4. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне:

33-баптың жетінші бөлігіндегі «органдарының қызметкері болып табылатын сарапшы» деген сөздер «органының сарапшысы» деген сөздермен ауыстырылсын.

5. 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне:

1) 146-бапта:

1-тармақтағы «жасанды ұрықтандыру және эмбриондарды импланттау» деген сөздер «экстракорпоралдық ұрықтандыру және эмбриондарды ауыстыру» деген сөздермен ауыстырылсын;

3-тармақ «болған кезде» деген сөздерден кейін «, суррогат ана болуды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;

2) 273-бапта:

5-тармақтың 2) тармақшасындағы «және арнаулы мемлекеттік органдар қызметін» деген сөздер «органдары мен арнаулы мемлекеттік органдар қызметін, сондай-ақ процестік құжаттардың негізінде сот сараптамаларын жүргізу кезінде сот сарапшылары қызметін» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қан мен оның компоненттерінің, ағзалардың (ағзаның бір бөлігінің) және (немесе) тіндердің (тіннің бір бөлігінің) донорлығымен, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ сот сараптамаларын жүргізу шеңберінде туберкулезбен ауыратын немесе бұрын ауырған, психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар, динамикалық байқауда есепте тұрған адамдардың жай-күйі туралы медициналық құпияны құрайтын электрондық құжат нысанындағы ақпаратты беру жөніндегі сұрау салуларымен байланысты жағдайлардан басқа кезде, жеке тұлғалардың жеке өміріне қатысты дербес медициналық деректерді пайдаланғанда, олардың дербес медициналық деректерін қамтитын цифрлық ресурстарды басқа дерекқорлармен байланыстыратын телекоммуникация желілеріне жеке тұлғалардың келісімінсіз қосуға жол берілмейді.».

6. 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне:

6-тармағының 1) - 4) тармақшалары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

1) 24-баптың 1-тармағының 25) тармақшасы алып тасталсын;

2) 25-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «мұнай секторының» деген сөздер «қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган салатын айыппұлдарды, өсімпұлдарды, санкцияларды, өндіріп алуларды және мұнай секторының» деген сөздермен ауыстырылсын;

3) 26-бапта:

1-тармақта:

5) тармақшадағы «жеке және заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге» деген сөздер «жеке тұлғаларға» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

«5-1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы осындай салық салынатын объектілер бойынша елу пайыздан аспайтын мөлшерде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты айқындайтын кірістерді бөлу нормативтері бойынша заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы;»;

12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«12) алым төлеушінің тұрған жері бойынша жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымнан уәкілетті мемлекеттік органға және жергілікті атқарушы органға тиісті құжаттар берілгенге дейінгі немесе рұқсат беру құжаттары алынғанға дейінгі түсімдерді қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;»;

17) тармақша алып тасталсын;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне есепке жатқызылуға тиісті түсімдерді және мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;»;

4) 27-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

«2-1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты айқындайтын кірістерді бөлу нормативтері бойынша заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы.

Бұл ретте аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері арасында кірісті бөлудің пайыздық арақатынасын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты белгілейді;»;

«9) уәкілетті мемлекеттік органға және жергілікті атқарушы органға тиісті құжаттар берілгенге дейін немесе рұқсат беру құжаттары алынғанға дейін алым төлеушінің тұрған жері бойынша жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.»;

2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

«1-1) мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;»;

5) 30-баптың 1-тармағының 13) тармақшасында:

мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:

«толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау;»;

он бірінші абзац алып тасталсын;

6) 31-баптың 1-тармағы 13) тармақшасының жетінші абзацындағы «құрылыс туралы шарттар» деген сөздер «құрылыс жобалары» деген сөздермен ауыстырылсын;

7) 32-баптың 1-тармағында:

6-тармағының 7) тармақшасының екінші - жетінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

4) тармақшада:

екінші, үшінші, төртінші және алтыншы абзацтар алып тасталсын;

жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«кәмелетке толмағандарға білім беру-сауықтыру қызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары жүзеге асыратын балаларға арналған қосымша білім беру;»;

6) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары алып тасталсын;

7) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;

13) тармақшаның жетінші абзацындағы «құрылыс туралы шарттар» деген сөздер «құрылыс жобалары» деген сөздермен ауыстырылсын;

8) 33-баптың 1-тармағында:

6-тармағының 8) тармақшасының екінші - он төртінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

4) тармақша мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:

«аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда), аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту, оның ішінде аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ облыстық маңызы бар қалалардың аудандарында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету;

аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан мемлекеттік білім беру ұйымдарында бастауыш, негізгі орта және кешкі (ауысымды) оқыту нысанын қоса алғанда, жалпы орта білім беру және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беру;

ауылдық жерлерде оқушыларды жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды және одан алып қайтуды ұйымдастыру;

мемлекеттік білім беру ұйымдары үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу;

кәмелетке толмағандарға білім беру-сауыктыру кызметтерін ұсынатын, балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары жүзеге асыратынды қоспағанда, балаларға арналған қосымша білім беру;»;

5) тармақша мынадай мазмұндағы он екінші және он үшінші абзацтармен толықтырылсын:

«жетім балаларды, ата-анасының (ата-анасының біреуінің) қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыру;

мүгедектігі бар балаларды қоса алғанда, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамсыздандыру;»;

6) тармақша мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:

«мәдениет саласында жергілікті маңызы бар әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу;»;

7) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

«Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринарияны дамытуды реттеу;»;

12) тармақшаның жетінші абзацындағы «құрылыс туралы шарттар» деген сөздер «құрылыс жобалары» деген сөздермен ауыстырылсын;

9) 40-баптың 7-тармағының он екінші абзацындағы «құрылыс туралы шарттар» деген сөздер «құрылыс жобалары» деген сөздермен ауыстырылсын;

10) 45-баптың 3-тармағының он бірінші абзацындағы «құрылыс туралы шарттар» деген сөздер «құрылыс жобалары» деген сөздермен ауыстырылсын;

11) 49-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің жетінші абзацындағы «құрылыс туралы шарттар» деген сөздер «құрылыс жобалары» деген сөздермен ауыстырылсын;

12) 86-баптың 4-тармағының жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтарындағы «құрылыс туралы шарттар» деген сөздер «құрылыс жобалары» деген сөздермен ауыстырылсын;

13) 87-баптың 4-тармағының 6-1) тармақшасындағы «құрылыс туралы шарттар» деген сөздер «құрылыс жобалары» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-тармағының 14) тармақшасы 2026 ж. 14 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі

14) 147-1-бапта:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. «Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер екі түрге бөлінеді:

1) егер бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі тапсырыс беруші болған жағдайда, Республикалық бюджет комиссиясы немесе жергілікті атқарушы органның бюджет комиссиясы мақұлдаған, «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы жасалған шарттар бойынша тапсырыс беруші қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелердің белгілі бір күніне бюджеттен бөлінетін сомасы бойынша тапсырыс беруші мен өнім берушінің құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер болып табылады;

2) егер квазимемлекеттік сектор субъектісі тапсырыс беруші болған жағдайда, Республикалық бюджет комиссиясы немесе жергілікті атқарушы органның бюджет комиссиясы мақұлдаған, «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар және «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы жасалған шарттар бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелердің белгілі бір күніне бюджеттен бөлінетін сомасы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдаудың оларға қатысты жасалған шарттары тараптарының құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер болып табылады. «Толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттардың және «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдаудың оларға қатысты жасалған шарттарының алдында бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен квазимемлекеттік сектор субъектісі арасындағы «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларын іске асыру бойынша жұмыстарды орындауға арналған келісім жасалады.»;

3-тармақта:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттар және (немесе) «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау шарттары мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органдары оларды тіркегеннен кейін күшіне енеді.»;

мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

«Бұл ретте валюталық тәуекелдермен байланысты шығыстарды қаржыландыру жөніндегі мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті бюджет комиссиясының шешімі немесе мәслихат шешімі болған кезде ұлттық валютаның шетел валютасына бағамының өзгеруіне байланысты «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарттың сомасын қайта қарауға жол беріледі.

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен квазимемлекеттік сектор субъектісі арасында «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларын іске асыру, «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша шарттар және (немесе) «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау шарттары бойынша төлемдерді тіркеу, орындау, сондай-ақ жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған келісімді жасасу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;

15) 148-бапта:

2-тармақ мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:

«Толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары мынадай түрлерге бөлінеді:

1) бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға болжанатын жобалау, сатып алу және өткізу (салу және (немесе) реконструкциялау) жөніндегі жұмыстар кешенін орындау;

2) «толық бітіріп берілетін» құрылыс объектісін пайдалануға беру актісіне қол қойылған күннен бастап мемлекеттік міндеттемелерді кейіннен орындай отырып, өнім берушінің қаражаты есебінен қаржыландыруға болжанатын жобалау, сатып алу және өткізу (салу және (немесе) реконструкциялау) жөніндегі жұмыстар кешенін орындау.»;

5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«6) «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобаларын қаржыландыру немесе «толық бітіріп берілетін» құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау.»;

16) 149-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының алтыншы абзацындағы «ұсыныс және» деген сөздер «ұсыныс, қаржылық-экономикалық негіздеме және (немесе)» деген сөздермен ауыстырылсын.

7. 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне:

1) 1-бапта:

25) тармақшаның төртінші абзацындағы «тиісті талаптарын», «есеп-қисаптарды қамтитын жобалау-сметалық құжаттама» деген сөздер тиісінше «тиісті талаптарына сәйкес келетін жобалау-сметалық құжаттама», «есеп-қисаптар» деген сөздермен ауыстырылсын;

70) тармақшадағы «нормативтік-техникалық құжаттар, қағидалар және басқа да міндетті талаптар, шарттар мен шектеулер жүйесі» деген сөздер «нормативтік құжаттардың, қағидалар мен басқа да міндетті талаптардың, шарттар мен шектеулердің мемлекеттік жүйесінің бір бөлігі» деген сөздермен ауыстырылсын;

77) тармақшадағы «құрылыс жобасының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша» деген сөздер «жекелеген объектілердің құрылыс жобаларына сараптама жасаудың, құрылыс жобасының тиісті бөлімдері (бөліктері) бойынша ерекше реттеудің және қала құрылысын регламенттеудің, сондай-ақ» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 18-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы баптың бірінші бөлігінің күші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала құрылысы құжаттамасын кейіннен әзірлеу не оған өзгерістер енгізудің ықтимал мүмкіндігі болған кезде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жағдайларына қолданылмайды.»;

3) 23-баптың 8) тармақшасы алып тасталсын;

4) 24-бапта:

49) тармақшадағы «сараптама комиссияларын (сараптама топтарын)» деген сөздер «сараптама топтарын» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 74-1) тармақшамен толықтырылсын:

«74-1) өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобалардың нысанасы ескерілетін, жергілікті атқарушы органдардың қала құрылысы құжаттамасын әзірлеу не оған өзгерістер енгізу мүмкіндігін растайды;»;

5) 46-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы «мемлекеттік сараптама ұйымдарын» деген сөздер «мемлекеттік сараптама ұйымын» деген сөздермен ауыстырылсын;

6) 61-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Мемлекеттік сараптама ұйымының порталы сәулет, қала құрылысы және құрылыс кызметін сүйемелдеудің мемлекеттік цифрлық жүйелерінің сервистері мен автоматтандырылған көрсетілетін кызметтеріне орталықтандырылған қол жеткізуге арналған цифрлық платформа болып табылады.»;

7) 78-бапта:

4-тармақта:

бірінші бөліктегі «Егжей-тегжейлі» деген сөз «Өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жағдайын қоспағанда, егжей-тегжейлі» деген сөздермен ауыстырылсын;

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар:

елді мекеннің аумақтық дамуын өзгерту қажеттігіне алып келген табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға қолданылмайды. Бұл ретте егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету (жаңартып отыру) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде қабылданады;

жеке тұрған білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет объектілерін және бірегей объектілерді бюджет қаражаты есебінен салу мақсатында қолданыстағы егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету қажеттігіне негізделген жағдайларға қолданылмайды.»;

мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Қонысаралық аумақтардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеу және түзету қала құрылысы жобаларын (елді мекендердің бас жоспарларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын) әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады. Бұл ретте қонысаралық аумақтардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуге (түзетуге), тұрғын үй құрылысын іске асыруды қоспағанда, көзделген өндірістік, рекреациялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін ғана жол беріледі.»;

8) 95-баптың 4-тармағы «оның құрамын» деген сөздерден кейін «мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес» деген сөздермен толықтырылсын;

9) 98-бапта:

1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

«Осы тармақтың бірінші бөлігінің күші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала құрылысы құжаттамасын кейіннен әзірлеудің не оған өзгерістер енгізудің ықтимал мүмкіндігі болған кезде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 284-бабына сәйкес іске асырылатын өнеркәсіптік (өндірістік) объектіні салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру жағдайларына қолданылмайды.»;

4-тармақтың бірінші бөлігінде:

8) тармақшадағы «, байланыс, жарықтандыру құрылысжайларын, қоршаулар және осыған ұқсас құрылысжайлар» деген сөздер алып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) биіктігі тоғыз метрге дейін болатын байланыс, жарықтандыру құрылысжайларын, қоршаулар және осыған ұқсас құрылысжайлар салуды;»;

7-тармағының 10) тармақшасы 2027 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі

10) 99-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

«7. Мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құрылыс жобаларын келісу процестерін ұйымдастыру және (немесе) оларға бастапқы материалдарды беруі мемлекеттік инвестициялар есебінен қаржыландырылатын құрылыс объектілері үшін міндетті болып табылатын, «бір терезе» қағидаты бойынша жобаларды әзірлеу мен сараптауды ұйымдастыруға арналған порталда жүзеге асырылады.»;

11) 105-бапта:

8-тармақ «монополияға жатпайтын» деген сөздерден кейін «және мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылмайтын» деген сөздермен толықтырылсын;

11-тармақтағы «сараптама комиссияларын (сараптама топтарын)», «сараптама комиссияларының (сараптама топтарының)» деген сөздер тиісінше «сараптама топтарын», «сараптама топтарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

Добавить в список основных источников в Google

Документ не введен в действие
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!