Все сервисы
Qarzhy
Қазақстан Республикасына тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталарды сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2026 жылғы 16 қарашадағы № 305-НҚ бұйрығы
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық туралы шарттың 35-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында Қазақстан Республикасына тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталарды бөлу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;
2) осы бұйрықтың қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне хабарлама жіберуді;
3) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға осы бұйрыққа қоса берілетін Қағидаларға сәйкес айқындалған көлемдерде тарифтік квота қолданылатын жекелеген тауарлардың импортына лицензиялар беруді жүзеге асыруды;

Добавить в список основных источников в Google