Все сервисы
Qarzhy
Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 1 шілдедегі № 468 бұйрығы
(2026.29.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023.28.04. № 307 бұйрығымен (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026.12.11. № 576 бұйрығымен (2026 ж. 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі Заңының 11-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023.28.04. № 307 бұйрығымен (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2026.12.11. № 576 бұйрығымен (2026 ж. 29 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардын:
1) «Арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізілімін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 12 желтоқсандағы № 454 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7354 болып тіркелген, 2013 жылғы 20 қарашадағы № 319 (27593) «Казахстанская правда», 2013 жылғы 20 қарашадағы № 257 (28196) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған);

Добавить в список основных источников в Google