Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз шешімдерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Президенті | Н. Назарбаев |
Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 18-і.
№ 63
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2011 жылғы 18 сәуірдегі
№ 63 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының
тізбесі
1. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 7, 73-құжат).