«Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2040 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 тамыздағы № 885 Қаулысы
ҚР Yкiметiнiң 2017 жылғы 9 маусымдағы № 357 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 желтоқсандағы № 2040 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 29 тамыздағы
№ 885 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 2040 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының атом саласын дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының
құрамы
| Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төраға |
| Жақсалиев Бақытжан Мұхамбетқалиұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, төрағаның орынбасары |
| Бондаренко Татьяна Петровна | - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитеті Атом өнеркәсібі басқармасының басшысы, хатшы |
| Әмірин Ғосман Кәрімұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
| Омаров Руслан Ысқақұлы | - Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары (келісім бойынша) |