Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 - 2016 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1554 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2015 - 2016 жылдарға арналған перспективалық жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар мен өзге де мемлекеттік органдар Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2014 - 2015 жылдарға арналған перспективалық жоспары туралы» (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 8, 70-құжат) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1783 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1554 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының
2015 - 2016 жылдарға арналған
перспективалық жоспары
| Р/с № | Заң жобасының атауы | Әзірлеуші мемлекеттік орган | Ұсыну мерзімі |
| Әділетмині | Үкімет | Парламент |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
| 1 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери мүлік айналымның мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қорғанысмині | 2015 жылғы 1-тоқсан | 2015 жылғы 1-тоқсан | 2015 жылғы 1-тоқсан |
| 2 | Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | ҚОСРМ | 2015 жылғы 1-тоқсан | 2015 жылғы 2-тоқсан | 2015 жылғы 2-тоқсан |
| 3 | Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Әділетмині | 2015 жылғы 1-тоқсан | 2015 жылғы 2-тоқсан | 2015 жылғы 2-тоқсан |