Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының 2014 жылғы 17 шілдедгі № 11/236 Қаулысы
(2026.01.07. берілген өзгерістермен)
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026.30.06. № 23/37 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы туралы ереженің 15-тармағы 37) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайлау құжаттарын сақтау қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Сайлау құжаттарын сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 13/210 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8524 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2.07.2013 ж. № 161 (28100) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған сайлау комиссияларының назарына жеткізсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2021.22.06. № 4/408 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2014 жылғы 17 шілдедегі
№ 11/236 қаулысымен
бекітілген
Сайлау құжаттарын сақтау қағидалары
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2022.27.12. № 132/627 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2026.30.06. № 23/37 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (2026 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)