Қазақстан Республикасының
Заңы
Халықтың көші-қоны туралы
(2014.12.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 3 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
ҚР 2014 жылғы 4 шілдедегі № 233-V Заңын қараңыз (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
Түпнұсқада мазмұны жоқ
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бұрынғы отандас - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұдан бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;