Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 19 маусымдағы № 573 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтын мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі | Е. Сарсембаев |
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 19 маусымдағы
№ 573 бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. «Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1463 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17527 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алу қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Адвокаттық қызмет және білікті заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген білікті заң көмегін есепке алу қағидалары бекітілсін.»;