«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 629 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 180 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 наурыздағы № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 629 бұйрығына қосымша
| Функционалдық топ |
| Кіші функция |
| Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі |
| Бағдарлама |
| Кіші бағдарлама |
| Атауы |
| 01 | | | | | Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
| 1 | | | | Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар |
| | 101 | | | Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі |
| | | 001 | | Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |
| | | | 100 | Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |
| | | 002 | | Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының стратегиялық аспектілерін болжамды-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер |