Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де цифрлық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 391 бұйрығы
(2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026.10.04. № 129 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026.10.04. № 129 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Ұлттық біліктілік жүйесінің цифрлық платформасын қалыптастыру, қолдап отыру және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсету, өзге де цифрлық жүйелермен интеграциялау, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесінің мәселелері бойынша деректерді талдау және өңдеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту және болжамдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;