Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 3 шілдедегі № 506 Қаулысы
(2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2026.30.04. № 355 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2026.30.04. № 355 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 137-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына, 141-бабының 11-тармағына, 143-бабының 6-тармағына, 144-1-бабының 6-тармағына және 145-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2026.30.04. № 355 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы 3 шілдедегі
№ 506 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2026.30.04. № 355 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктерді, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктерді, жеке кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу