Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2026 жылғы 26 маусымдағы № 191-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі | Н. Нуржигитов |
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрі
2026 жылғы 26 маусымдағы
№ 191-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің
өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Су объектілері мен су ресурстарының мемлекеттік мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 115-НҚ бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36244 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су объектілері мен су ресурстарының мемлекеттік мониторинг жүргізу Қағидаларында:
14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: