Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 249 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан - әрі Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағының екінші және бесінші абзацтарын, Тізбенің 2-тармағының екінші, бесінші, жетінші және оныншы абзацтарын, Тізбенің 4-тармағының екінші және бесінші абзацтарын, Тізбенің 5-тармағының екінші, төртінші және алтыншы абзацтарын, Тізбенің 6-тармағының екінші абзацын, Тізбенің 7-тармағының екінші, төртінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | А. Сапаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
2026 жылғы 22 маусымдағы
№ 249 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі