«Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесін бекіту және «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту және «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1147 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 шілдедегі № 457 Қаулысы
Осы Қаулыға өзгерістер енгізу туралы ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 13 мамырдағы № 388 Қаулысын қараңыз (2026 ж. 19 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 11-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға және (немесе) лездік төлемдер жүйесін пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға арналған жабдықты (құрылғыны) қолдану тізбесі бекітілсін.
2. «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту және «Жекелеген қызмет түрлерінің және төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) қолдану тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1147 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 604 қаулысының күші жойылды деп танылсын.