«Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 372 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік оқ-гильза қоймасын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 28-тармағының бірінші бөлігін, 42-тармағын және 43-тармағының екінші бөлігін қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Бұл ретте төмендегілер 2026 жылғы 12 шілдеге дейін мынадай редакцияда деп қолданылады деп белгіленсін:
Қағидалардың 28-тармағының бірінші бөлігі:
«28. Мемлекеттік оқ-гильза қоймасының ведомстволық коллекциялары заттай сақталады. Заттай ведомстволық коллекциялармен қатар бақылау үшін атылған оқтар мен гильзалар суреттерінің электрондық массиві құрылуы мүмкін, ол Ішкі істер министрлігімен келісім бойынша автоматтандырылған ақпараттық баллистикалық жүйелерді (бұдан әрі - ААБЖ) пайдалану арқылы құрылады.»;
Қағидалардың 42-тармағы: