«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 12 мамырдағы № 381 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
1-тармағының төртінші және бесінші абзацтары 2026 ж. 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі
мынадай мазмұндағы 481-1) тармақшамен толықтырылсын:
«481-1) «Облыстың (қаланың және ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
1-тармағының алтыншы - сегізінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
496-72), 496-73) және 496-74) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 481-1), 496-103), 496-104), 496-105), 496-106), 496-107), 496-108), 496-109), 496-110), 496-111), 496-112), 496-113), 496-114), 496-115), 496-116) және 496-117) тармақшалармен толықтырылсын:
«481-1) «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру үлгілік қағидаларын әзірлеу және бекіту;
496-103) жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша реттелетін қызмет салаларында жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;
496-104) жұмылдыру резерві бөлігінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен оларды сақтау көлемдерін қалыптастыру үшін реттелетін қызмет салаларында жұмылдыру тапсырысын орындау үшін қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес жұмылдыру тапсырысы бар ұйымдардың қажеттіліктеріне талдау жүргізу;