Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығы
(2026.15.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Әділет министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 406 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Әділет министрінің 2024.06.12. № 1007 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2025 ж. 3 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларға аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы | Н. Пан |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 61 бұйрығына
3-қосымша