ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-18) тармақшамен толықтырылсын:
«1-18) жануарларды ұстау қағидаларын, үй жануарларын ұстау жəне серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау жəне жансыздандыру қағидаларын, жануарлар ұсталатын санитариялық аймақтардың шекараларын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды əзірлейді жəне тиісті мəслихатқа бекітуге ұсынады;»;
1-9-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2) жəне 7-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-1) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;
7-2) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді жəне жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздестіруге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттігі туралы хабардар етуге бағытталған əлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;
7-3) иесіз жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады;»;
2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-12), 1-13) жəне 1-14) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-12) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;
1-13) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді жəне жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздестіруге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттігі туралы хабардар етуге бағытталған əлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;
1-14) иесіз жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады;».
2. «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 10-бапта:
1-тармақтың 4-3) жəне 4-9) тармақшалары алып тасталсын;
1-1-тармақтың 23) жəне 27) тармақшалары алып тасталсын;
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 11-баптың 4-тармағы бірінші бөлігінің жетінші абзацы алып тасталсын.
3. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» 2021 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) бүкіл мəтін бойынша «қаңғыбас», «Қаңғыбас» деген сөздер тиісінше «иесіз», «Иесіз» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) кіріспе алып тасталсын;
3) 1-бапта:
1) тармақшадағы «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйым» деген сөздер «астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік заңды тұлғалар» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) жануарларды уақытша ұстау пункті - табылған, ауланған қараусыз қалған жəне иесіз жануарларды, ұстаудан бас тартуына байланысты иелері немесе жауапты адамдар берген, сондай-ақ жеке немесе заңды тұлғалардан алып қойылған немесе тəркіленген үй жануарларын (компаньон жануарларды) уақытша ұстауға əдейі арналған жəне жабдықталған мүліктік кешен;»;
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
«16-1) иесіз жануарлар - иесі жоқ иттер мен мысықтар;»;
18) тармақша алып тасталсын;
26) тармақшадағы «болюстер,» деген сөз алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
«28-1) шұғыл ден қою шаралары - адамның, жануарлардың қауіпсіздігін, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз ету жəне (немесе) адамның өміріне немесе денсаулығына, жануарлардың тіршілігіне немесе саулығына жəне жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың мүлкіне қатер төнуін болғызбау мақсатында жануарлардың агрессия көрсетуін дереу тоқтатуға жəне (немесе) оның салдарын барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы, оның ішінде əрекеттер;»;
4) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«3-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1. Осы Заңның мақсаттары - жануарлардың қорғалуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамгершілікті нығайту, ізгілікті сақтау, сондай-ақ жеке жəне заңды тұлғалардың жануарларға қарау кезіндегі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
2. Осы Заңның міндеттері:
1) жануарлардың тіршілігі, саулығы мен амандығы үшін иелерінің жауапкершілігін қалыптастыру;
2) жануарларды қорғау жөніндегі шаралар жүйесін қамтамасыз ету;
3) халықты жануарларға адамгершілікпен, ізгілікпен жəне саналы түрде қарауға тəрбиелеу.
3. Жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:
1) жануарларды ауырсыну мен тəн азабын сезіне алатын тіршілік иелері деп тану;
2) жануарларға қатыгездікпен қарауға, ауырсыну тудыруға, тəн азабын шектіруге жəне олардың негізсіз өлтірілуіне жол бермеу;
3) адам мен жануарлардың құрметке, қамқорлыққа жəне қоғам мен табиғат мүдделерінің тепе-теңдігіне негізделген үйлесімді тіршілік етуі.»;
5) 4-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасы «панажайларға» деген сөзден кейін «, жануарларды уақытша ұстау пункттеріне» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Егер жануарды нысаналы мақсаты бойынша одан əрі пайдалану мүмкін болмаса, жануардың иесі немесе жауапты адам мұндай жануарды ол өз өлімімен өлгенге дейін күтіп-бағуды қамтамасыз етуге не оны жануарларға арналған панажайға, жануарларды уақытша ұстау пунктіне, қажетті жағдай жасай алатын жеке немесе заңды тұлғаларға беруге міндетті. Жануарды жануарларды уақытша ұстау пунктіне берген кезде иесі немесе жауапты адам жануардың заңды тағдыры айқындалғанға дейін оны күтіп-бағуды қамтамасыз етуге міндетті.
Егер жануар саулығының жағдайы оның жасына байланысты өзгерістерге, созылмалы ауруларының болуына, жарақат алғаннан кейінгі жағдайына орай ұдайы ауырсынуды сезінуге не ағзалар жүйелерінің бұзылуына немесе тірек-қимыл аппаратының функционалдық тұрғыдан ауыр түрде бұзылуына байланысты жануардың тіршілік ету сапасының нашарлауын білдірсе, жануардың иесі ветеринариялық дəрігердің қорытындысы бойынша эвтаназиялау туралы шешім қабылдауға құқылы.»;
6) 7-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған негізгі бағыттары мен мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тəртіпті қамтамасыз етудің Қазақстан Республикасының Үкіметі əзірлеген негізгі бағыттары негізінде жəне оларды орындау үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сəйкес жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік жəне іске асыру функцияларын жүзеге асырады;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жануарларға арналған панажайлардың, сондай-ақ жануарларды уақытша ұстау пункттерінің қызметі мен оларды есепке алу қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;»;
7) тармақша алып тасталсын;
10) жəне 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) осы Заңның 10-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ұсталуына, өсірілуіне жəне айналымына тыйым салынған немесе шектелген жануарлардың тізбесін əзірлейді жəне бекітеді;»;
«14) иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды стерилизациялау қағидаларын əзірлейді жəне бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді əзірлейді жəне бекітеді;»;
7) 9-бапта:
1-тармақта:
1) тармақша «əзірлейді» деген сөзден кейін «жəне тиісті мəслихатқа ұсынады» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша «əзірлейді» деген сөзден кейін «жəне тиісті мəслихатқа ұсынады» деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақшадағы «панажайларды» деген сөз «панажайлар мен жануарларды уақытша ұстау пункттерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жануарларды аулау, уақытша ұстау жəне жансыздандыру қағидаларына сəйкес шұғыл ден қою шараларын ұйымдастырады;»;
1-2-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жануарларды аулау, уақытша ұстау жəне жансыздандыру қағидаларына сəйкес шұғыл ден қою шараларын ұйымдастырады;»;
8) 10-бапта:
3-тармағы 8) тармақшасының екінші - жетінші абзацтары 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мынадай жағдайларды:
1) ұсталуына, өсірілуіне жəне айналымына тыйым салынған немесе шектелген жануарлар тізбесіне енгізілген, мекендеу ортасына қайтаруға мүмкіндік бермейтін жай-күйдегі зардап шеккен жəне (немесе) жарақат алған жануарларды олар жануарларға арналған панажайларға, зоологиялық питомниктерге, жануарларға арналған оңалту орталықтарына, ғылыми ұйымдарға, сондай-ақ жабайы жануарларды оңалту мен реинтродукциялауды жүзеге асыратын ұйымдарға берілгенге дейін жартылай ерікті жағдайларда, жасанды түрдегі мекендеу ортасында немесе еріксіз жағдайларда уақытша ұстау;
2) ғылыми ұйымдардың, жануарларға арналған панажайлардың, зоологиялық питомниктердің, жануарларға арналған оңалту орталықтарының, жабайы жануарларды оңалту мен реинтродукциялауды жүзеге асыратын ұйымдардың тиісті шешімдері болған кезде, көрсетілген ұйымдар қызметкерлерінің жануарларды емдеуі мен олардың жаңа туған төлдерін, жас төлдерін қолдан тамақтандыруы кезінде жануарларды жартылай ерікті жағдайларда, жасанды түрдегі мекендеу ортасында немесе еріксіз жағдайларда ұстау;
3) жануарлар дүниесі объектілерінің генетикалық қорын сақтау үшін қызметінің негізгі мақсаты жануарларды өсіру болып табылатын ұйымдарда, зоологиялық питомниктерде, жабайы жануарларды оңалту мен реинтродукциялауды жүзеге асыратын ұйымдарда, ғылыми ұйымдарда жануарларды ұстау жəне пайдалану жағдайларын;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларды қоспағанда, ұсталуына, өсірілуіне жəне айналымына тыйым салынған немесе шектелген жануарлар тізбесіне енгізілген жануарларды ұстауға жəне пайдалануға жол берілмейді.»;
4-тармақтағы «қаңғыбас жануарларды вакциналауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де» деген сөздер «иттерді қоспағанда, иесіз жануарларды вакциналауды Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
9) 11-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Иттер мен мысықтарды есепке алу үй жануарларын есепке алатын міндетті бұйым (құрал) ретінде чипті пайдалану арқылы жүзеге асырылады.»;
3-тармағы 13) тармақшасы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
10) 13-бапта:
тақырыптағы «өсіруге» деген сөз «өсіру мен олардың айналымына» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Үй жануарларын өсіру мен олардың айналымы осы Заңға сəйкес олар есепке алынған кезде ғана жүзеге асырылады.»;
11) 15-баптың 1-тармағы 5) тармақшасындағы «жою кезінде жол беріледі.» деген сөздер «жою кезінде;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) жəне 7) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) иесіз жануарлардың (мысықтарды қоспағанда) санын реттеу кезінде астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары белгілеген тəртіппен жəне мерзімдерде;
7) жануарларға арналған панажайларға жəне (немесе) жануарларды уақытша ұстау пункттеріне түскен ауру, негізсіз агрессия көрсететін, иесі немесе жауапты адам, сондай-ақ өзге де жеке, заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген мерзімдер өткен соң жайластырмаған жəне қажет етпеген қараусыз қалған жануарларға (мысықтарды қоспағанда) қатысты жол беріледі.»;
12) 22-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
«7. Үй жануарларын серуендетуге қойылатын талаптарды адамның өміріне немесе денсаулығына, жануарлардың тіршілігіне немесе саулығына жəне жеке жəне (немесе) заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруге алып келген бұзушылыққа жол берген иесі жəне (немесе) жауапты адам келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен өтеуге міндетті.
Үй жануарларын ұстау жəне серуендету қағидаларын адам денсаулығына ауыр, ауырлығы орташа зиян келтіруге алып келген бұзушылық жағдайында, мұндай жануардың иесі осы Заңда белгіленген тəртіппен эвтаназия жүргізуге міндетті.»;
13) 23-бапта:
1-тармақта:
6) тармақшадағы «стерилизациялау арқылы» деген сөздер «осы Заңда белгіленген тəртіппен» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақшадағы «бюджет қаражаты жəне Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
1) тармақша «, сондай-ақ оларды есепке алуды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) осы Заңның 15-бабында көзделген жағдайларда эвтаназиялауды;»;
14) 25-бапта:
1-тармақтағы «жануарларды стерилизациялау, жайластыру» деген сөздер «мысықтарға қатысты қолданылатын стерилизациялау, осы Заңның 15-бабында көзделген жағдайларда эвтаназиялау, жануарларды жайластыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы «Қаңғыбас» деген сөз «Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, иесіз» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 26-бапта:
1-тармақтағы «жануарларға арналған панажайлар қызметінің қағидаларына сəйкес жүзе» деген сөздер «осы Заңға сəйкес жүзеге» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақта:
4) тармақшадағы «қаңғыбас жануарларға» деген сөздер «иттерді қоспағанда, иесіз жануарларға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «вакциналауды қоса алғанда,» деген сөздер алып тасталсын;
16) 28-баптың 3-тармағы «ұйымдарға» деген сөзден кейін «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тəртіппен» деген сөздермен толықтырылсын.
2-бап. Осы Заң 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 8) тармақшасының екінші - жетінші абзацтарын жəне 10) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 19 мамыр
№ 292-VIIІ ҚРЗ