Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 6 қарашадағы № 372 бұйрығы
(2026.18.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2026.30.06. № 265 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2026 ж. 18 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Органикалық өнім өндірудің сәйкестігін растау кезінде жұмсалған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарының және кейбір бұйрықтарының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі | А. Сапаров |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау
және дамыту агенттігі
«КЕЛІСІЛДІ»