Дипломатиялық қызмет органдарында сынақ мерзімін өту ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 ж. 2 сәуірдегі № 244 бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Дипломатиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 7 наурыздағы Заңының 9-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Дипломатиялық қызмет органдарында сынақ мерзімін өту ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіндегі мемлекеттік тіркелу күнінен бастап күшіне енеді.
Мемлекеттік хатшы -
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік хатшысының -
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2002 жылғы 2 сәуірдегі
№ 244 бұйрығымен
бекітілген
Дипломатиялық қызмет органдарында сынақ мерзімін өту
ережесі
Осы Ереже дипломатиялық қызмет органдарына алғаш рет қызметке тұрған адамдарға қолданылады.
1. Дипломатиялық қызмет органдарына алғаш рет қызметке тұрған адамдарға үш айға дейін міндетті сынақ мерзімі белгіленеді.
2. Міндетті сынақ мерзімін белгілеу қызметке тағайындау туралы бұйрықта көрсетілуге тиіс.