«Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ең төмен резервтік талаптар және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 30 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 30 маусымдағы № 75 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 229 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19679 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ең төмен резервтік талаптар туралы қағидаларда:
7-3-тармақтың үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Банктің шығарылған облигациялар бойынша міндеттемелері Хабарлама жіберілген күннен кейінгі айқындау кезеңінен бастап ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің үшінші санатына жатқызылады.
Банк осы тармақта көрсетілген шартты (шарттарды) орындамаған жағдайда, Хабарламада жіберілген облигациялар бойынша міндеттемелер осындай орындамау анықталған айқындау кезеңінен бастап ең төмен резервтік талаптарды есептеу үшін қабылданатын банк міндеттемелерінің бірінші санатына жатқызылады.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«14. Қалыптастыру кезеңіндегі резервтік активтердің орташа шамасы осы кезең үшін есептелген ең төмен резервтік талаптардың мөлшерінен кем болмайды.»;
3-1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
4-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.