«Электрондық Үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 374 Қаулысымен 2026 ж. 12 шілдеден бастап күші жойылады
«Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып айқындалсын.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 29 қаңтардағы
№ 40 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізімі
1. «Ақпараттандыру саласындағы оператор туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 679 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 41, 365-құжат).