Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығы
(2026.17.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 31 наурыздағы № 52 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022.29.11. № 240 бұйрығымен (2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.20.08. № 137 бұйрығымен (2025 ж. 25 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакияда
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020.14.05. № 79 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2022.29.11. № 240 бұйрығымен (2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.31.03. № 52 бұйрығымен (2026 ж. 17 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) преамбуласы жаңа редакияда
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022.29.11. № 240 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакияда (2022 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаментімен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;