«Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 539 Қаулысы
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 166-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мемлекеттік қатысу үлесіне 100 (жүз) пайыз мөлшерінде иелік ету және пайдалану құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2026 жылғы 22 маусымдағы
№ 539 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-164-жолмен толықтырылсын:
«123-164. «Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.».