Введите номер документа
Прайс-лист

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы Аймақтық терроризмге қарсы құрылым туралы келісім (Санкт-Петербург қ., 2002 ж. 7 маусым) (2007.16.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датапятница, 7 июня 2002
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 7 июня 2002

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы
Аймақтық терроризмге қарсы құрылым туралы
келісім
(Санкт-Петербург қ., 2002 ж. 7 маусым)
(2007.16.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

2003 ж. 3 маусымдағы № 422-II ҚР Заңымен келісім бекітілді

2003 жылғы 14 қарашада күшіне енді

 

Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы 2001 жылғы 15 маусымдағы Шанхай конвенциясының Тараптары болып табылатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер (бұдан әрi - Тараптар),

халықаралық бейбiтшiлiкті, қауiпсiздiктi және көршiлiк тату және достық қарым-қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдауға қатысты Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптерiн басшылыққа ала отырып,

терроризм, сепаратизм және экстремизмнiң халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкке, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынастардың дамуына, сондай-ақ адамдардың негiзгі құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруына қауiп төндіретiндігін жете түсiнiп,

Тараптардың аумақтық, тұтастығын, қауiпсiздiгін және тұрақтылығын, оның iшiнде терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрестi ынтымақтастықты күшейту жолымен қамтамасыз ету мүдделерiнде өзара келісілген iс-әрекеттер қажеттiлiгiне көз жеткiзе отырып,

2001 жылғы 15 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымын құру туралы декларацияға, 2001 жылғы 15 маусымдағы Терроризмге, сепаратизмге және экстремизмге қарсы күрес туралы Шанхай конвенциясына (бұдан әрi Конвенция) және 2002 жылғы 7 маусымдағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясына сүйене отырып,

төмендегілер туралы келiстi:

1-бап

Осы Келісімнiң мақсаттары үшiн төмендегi ұғымдар мынаны бiлдiредi:

лауазымды адам - АТҚҚ-ның Атқарушы комитетiне жұмыс iстеу үшiн Тарап жiберген және тиiстi штаттық лауазымға Директор тағайындаған адам;

өкiл - жiберушi Тарап осы тұрғыда АТҚҚ-ның Кеңесiнде iс-әрекет ету мiндетiн жүктеген адам;

қызметкер - өкiлдiң қызметiмен байланысты функцияларды орындау үшiн Тарап жiберген адам;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом