Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 2 ҚАЗАНДАҒЫ № 1081 ҚАУЛЫСЫ

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2002 Ж. 2 ҚАЗАНДАҒЫ № 1081 ҚАУЛЫСЫ
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Медицина-корпоративный, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек

дәрілік құралдар орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық

кәсіпорнының жекелеген мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2002 жылғы 2 қазандағы N 1081 Қаулысы

Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 28 қазандағы N 1117 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Дәрілік құралдардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету саласындағы жұмысты жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі

Қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрі-дәрмек дәрілік құралдар орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын сараптау ұлттық орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі -Ұлттық орталық) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

2. Ұлттық орталық қызметінің негізгі мәнісі денсаулық сақтау саласында дәрілік құралдардың қауіпсіздігін, тиімділігін және сапасын қамтамасыз ету жөніндегі өндірістік-шаруашылық қызметті, сондай-ақ жаңа бірегей дәрілік құралдарды әзірлеу, фармация, фармакология саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру деп белгіленсін.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық орталықты мемлекеттік басқарушы орган болып белгіленсін.

4. Ұлттық орталыққа қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындарды құруға рұқсат берілсін.

5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Ұлттық орталықтың Жарғысын бекітуді және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бөлімінде:

реттік нөмірі 9-31-жол мынадай редакцияда жазылсын:

"9-31. Дәрілік құралдарды, медициналық мақсаттағы

бұйымдарды және медицина техникасын сараптау

ұлттық орталығы республикалық

мемлекеттік кәсіпорны Алматы қаласы;"

2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 қарашадағы N 1465 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауындағы ұйымдар тізбесінде:

2. Мемлекеттік кәсіпорындар бөлімінде:

реттік нөмірі 57-жол мынадай редакцияда жазылсын:

 "57. Дәрілік құралдарды, медициналық
 мақсаттағы бұйымдарды және медицина
 техникасын сараптау ұлттық орталығы."

7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі И. Тасмағамбетов



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 2002 ж.

2 қазандағы N 1081

қаулысына

қосымша

Казақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Дәрілік

құралдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын

сараптау ұлттық орталығы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының

құрылатын еншілес мемлекеттік кәсіпорыңдарының тізбесі

 1. Астана қаласы бойынша Дәрі-дәрмек Астана қаласы;
 2. Жезқазған қаласы бойынша Дәрі-дәрмек Жезқазған қаласы;
 3. Семей қаласы бойынша Дәрі-дәрмек Семей қаласы;
 4. Ақмола облысы бойынша Дәрі-дәрмек Көкшетау қаласы;
 5. Ақтөбе облысы бойынша Дәрі-дәрмек Ақтөбе қаласы;
 6. Алматы облысы бойынша Дәрі-дәрмек Талдықорган қаласы;
 7. Атырау облысы бойынша Дәрі-дәрмек Атырау қаласы;
 8. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Дәрі-дәрмек Өскемен қаласы;
 9. Жамбыл облысы бойынша Дәрі-дәрмек Тараз қаласы;
 10. Батыс Қазақстан облысы бойынша Дәрі-дәрмек Орал қаласы;
 11. Қарағанды облысы бойынша Дәрі-дәрмек Қарағанды қаласы;
 12. Қостанай облысы бойынша Дәрі-дәрмек Қостанай қаласы;
 13. Қызылорда облысы бойынша Дәрі-дәрмек Қызылорда қаласы;
 14. Маңғыстау облысы бойынша Дәрі-дөрмек Ақтау қаласы;
 15. Павлодар облысы бойынша Дәрі-дәрмек Павлодар қаласы;
 16. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Дәрі-дәрмек Петропавл қаласы;
 17. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Дәрі-дәрмек Шымкент қаласы.

Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!