Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 10 АҚПАНДАҒЫ № 145 ҚАУЛЫСЫ

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 10 АҚПАНДАҒЫ № 145 ҚАУЛЫСЫ
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Gold+, Bin+, Silver+, Юрист-VIP

Акцияларының бақылау пакеттерi мемлекетке тиесiлi мемлекеттiк

кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдарды оңтайландыру мақсатымен олардың

әкiмшiлiк шығыстарының мониторингін жүргiзу тетiгiн анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы N 145 қаулысы

Осы редакция 2004 ж. 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470

қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі iс-шаралар жоспарының 2.3.3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Акционерлiк қоғамдар акцияларының бақылау пакеттерiне иелiк ету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын немесе мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органдары болып табылатын мемлекеттiк органдар (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiн қоспағанда, заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) жыл сайын жоспарланған жылдың бiрiншi тоқсанынан кешiктiрмей акционерлiк қоғамдар директорлар кеңесiнiң (мемлекеттiк кәсiпорындар үшiн - мемлекеттiк басқару органының) мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлеттiк берiлген орган бекiткен нысан бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ұйымның өткен кезеңдегi әкiмшiлiк шығыстары сметасының атқарылуы туралы есебiн және жоспарланған кезеңге арналған әкiмшiлiк шығыстарының сметасын бекiтуiн қамтамасыз етсiн;

2) осы қаулының 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген бекiтiлген құжаттардың көшiрмелерiн, оларды бекiткеннен кейiн 5 күнтiзбелiк күн iшiнде мемлекеттiк меншiкке билiк етуге уәкiлеттiк берiлген тиiстi органға берудi қамтамасыз етсiн;

3) әкiмшiлiк шығыстардың сметасын қарау және бекiту кезiнде:

"Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663 қаулысымен бекiтiлген II топтағы мемлекеттiк органдардың орталық аппаратына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтік жеңiл автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiне ұқсас акционерлiк қоғамдардың (мемлекеттiк кәсiпорындардың) қызметтiк жеңiл автомобильдерiнiң тиiстiлiк нормативiне; "Қызмет телефондары мен мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 қазандағы N 1217 қаулысымен бекiтiлген мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаңдардың уақытша нормаларынан аспайтын мөлшерде акционерлiк қоғамдардың (мемлекеттiк кәсіпорындардың) әкiмшiлiк аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормаларына;

оларға сәйкес тәулiкақы мөлшерi және тұрғын үйдi жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу үшiн шектi мөлшерлер Қазақстан Республикасының шегiндегi iссапарлар үшiн "Шетел валютасындағы iссапарлар шығыстарын өтеудiң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 қыркүйектегi N 967 қаулысымен және "Шетел валютасындағы iссапарлар шығыстарын өтеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы N 534 бұйрығымен белгiленген шетел валютасындағы iссапар шығыстарын өтеу нормаларынан аспауы тиiс "Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428 қаулысымен бекiтiлген ережеге ұқсас. Қазақстан Республикасының шегiнде қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн акционерлiк қоғамдардың (мемлекеттiк кәсiпорындардың) қызметкерлерiне шығыстарын өтеу тәртiбi мен шарттарына сәйкес кейбiр шығыстардың лимиттерiн бекiтсiн;

4) бiрiншi басшылар мен олардың орынбасарларына ұялы байланысты пайдалану құқығын беру кезiнде акционерлiк қоғамның (мемлекеттiк кәсiпорынның) қаражаты есебiнен өтелетiн шығыстардың лимиттерiн белгiлесiн;

5) мемлекеттiк органмен (мемлекеттiк кәсiпорындар үшiн - мемлекеттiк басқару органымен) акционерлiк қоғамдардың (мемлекеттiк кәсiпорындардың) бiрiншi басшылары мен олардың орынбасарларының шетелдiк iссапарларын келiсу мiндеттiлiгiн қамтамасыз етсiн;

6) "Салық салынатын кiрiстi анықтау кезiнде шегерiмге жататын өкiлдiк шығыстардың және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде iссапарда болған уақыты үшiн төленетін тәулiкақы нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 24 желтоқсандағы N 1677 қаулысымен белгiленген нормаларға сәйкес өкiлдiк шығыстарының лимиттерiн белгiлесiн.

2. Осы қаулының күші қолданылатын, басым (монополиялық) орын алатын табиғи монополия субъектiлерi мен рынок субъектiлерiнiң қызметтер көрсетудi (тауарларды, жұмыстарды) өндiруiне және ұсынуына бағаларды (тарифтердi) есептеу кезiнде ескерiлетiн шығыстардың лимиттерi монополияға қарсы заңнамаға сәйкес анықталады.

3. "Акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсіпорындардың (ұлттық компаниялардың) кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 тамыздағы N 1098

қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 30, 389-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

1, 2, 3-тармақтар алынып тасталсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі И. Тасмағамбетов





































































Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!