Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 27.06.03 Ж. № 623 ҚАУЛЫСЫ

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 27.06.03 Ж. № 623 ҚАУЛЫСЫ
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық

ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру

туралы" 2003 жылғы 31 наурыздағы N 1051 Жарлығын iске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 27 маусымдағы N 623 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 27.11.03 ж. N 1191;24.06.04 ж. N 604 қаулыларымен

енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру туралы" 2003 жылғы 31 наурыздағы N 1051 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiленген тәртiппен "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыруды жүргiзсiн.

2. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

2003 жылғы 27 маусымдағы

N 623 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн

өзгерiстер мен толықтырулар

1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:

"Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы" деген бөлiм және реттiк нөмiрлерi 313, 316, 319, 320, 323, 328, 330, 334, 337, 340, 345, 348, 366-жолдар алынып тасталсын;

"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiмде:

реттiк нөмiрi 470-11-жол алынып тасталсын.

2. "Республиканың мал шаруашылығын дамытудың жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 9 шiлдедегi N 1089 қаулысына:

6-тармақтың бiрiншi абзацында "Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығымен және" деген сөздер алынып тасталсын.

3. "Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан қаражат төлеудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 15 сәуiрдегi N 342 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 12, 93-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорынан қаражат төлеудiң тәртiбiнде:

"Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсiрудiң озық технологияларын өндiрiске қолдануда ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiн қолдау" деген IIІ бөлiмде:

3) тармақшаның екiншi абзацында "Ауылшарминiнiң ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамыту департаментi Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығымен бiрлесiп" деген сөздер "Ауылшарминi" деген сөзбен ауыстырылсын.

4. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

"Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген 1-бөлiмде:

реттiк нөмiрi 60-жол алынып тасталсын.

ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 604 қаулысымен 5-тармақтың күші жойылды

5. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы N 229 қаулысына:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер штат санының лимиттерiнде:

"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген 1-бөлiмде:

3-бағандағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" деген жолда "55" деген сан "62" деген санмен ауыстырылсын.

6. "Қазақстан Республикасында бiрiншi ұлттық ауыл шаруашылығы санағын әзiрлеу, жүргiзу және материалдарын өңдеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 2 маусымдағы N 830 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 25, 290-құжат):

6-тармақта "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Аграрлық зерттеулердiң ұлттық академиялық орталығы және оның институттары 2004 жылғы 1 маусымға дейiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiсiм бойынша" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi 2004 жылғы 1 маусымға дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын.

7. "Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 қыркүйектегi N 1347 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 38-39, 450-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 2000-2003 жылдарға арналған бағдарламасында:

"Бағдарламаның тиiмдiлiгi" деген 6-бөлiмде:

он алтыншы абзацта "Ұлттық аграрлық зерттеулер академиялық орталығының" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын.

ҚР Үкіметінің 27.11.03 ж. N 1191 қаулысымен 8-тармақтың күші жойылды

8. "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 22 мамырдағы N 550 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 14, 150-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қызметiн "Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы" республикалық мемлекеттiк мекемесi үйлестiретiн республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындардың тізбесiнде:

реттiк нөмiрi 6-жол алынып тасталсын.











































































































Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!