Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 26 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 979 ҚАУЛЫСЫ

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2003 Ж. 26 ҚЫРКҮЙЕКТЕГІ № 979 ҚАУЛЫСЫ
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

"Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi" шаруашылық

жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 979

қаулысы

Осы редакция 2004 ж. 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.

2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi жоғары бiлiмдi мамандарды даярлау және қайта даярлау болып белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, "Абай атындағы Алматы университетi" ашық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - Қоғам) тарату және оның мүлкiн Кәсiпорынға беру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын;

3) таратылатын Қоғамның бiлiм алушыларына оқу жылын аяқтау үшiн шаралар қабылдасын;

4) осы қаулыны iске асыру жөнiнде басқа да шаралар қабылдасын.

4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Д. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 979 қаулысымен

бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр

шешімдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

1. "Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 маусымдағы N 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 29, 256-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiнде:

"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 470-171-жолмен толықтырылсын:

      "470-171. "Абай атындағы қазақ
      ұлттық педагогикалық университетi"
      республикалық мемлекеттiк кәсiпорны           Алматы қаласы".

2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

"Алматы қаласы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 123-52-жол алынып тасталсын.

3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:

көрсетiлген қаулыға қоса берiлiп отырған Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:

"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 222-16-жол алынып тасталсын.

4. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қарашадағы N 1754 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 51, 504-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:

"1. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 157-22-жолмен толықтырылсын:

"157-22. Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi".

5. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 шілдедегi N 1021 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 28, 339-құжат):

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк жоғары оқу орындарының тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 32-2-жолмен толықтырылсын:

"32-2. "Абай атындағы қазақ

ұлттық педагогикалық университетi"

республикалық мемлекеттiк кәсіпорны Алматы қаласы".

6. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Абай атындағы мемлекеттiк университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 9 тамыздағы N 1043 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 29, 370-құжат):

2-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.

Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!