Оралмандардың 2004 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2003 ж. 31 қазандағы N 1216 Жарлығы
Осы редакция 2004 ж. 1 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес және өзiнiң тарихи отанына қайтып оралуға тiлек бiлдiрген оралмандар отбасыларының қоныс аударуы мен жайластырылуын ұйымдастыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ұсынған оралмандардың 2004 жылға арналған көшiп келу квотасы 10000 отбасы мөлшерiнде белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Yкiметi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп:
1) көшiп келу квотасына енгiзiлген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және орналастырылған жерлерде олардың бейiмделуi үшiн жағдай жасауды қамтамасыз етсiн, сондай-ақ өзiнiң тарихи отанына мемлекеттiң қаржылай қолдауынсыз қайтып орала алмайтын ұлты қазақ адамдарды ұйымдасқан түрде көшiрiп алуды жүзеге асырсын;