Оралмандардың 2004 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы Қазақстан
Республикасы Президентінің 2003 ж. 31 қазандағы № 1216 Жарлығы
(ҚР Президентінің 01.12.04 ж. № 1476 Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен)
Бұр. редакцияларды қара
"Халықтың көшi-қоны туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес және өзiнiң тарихи отанына қайтып оралуға тiлек бiлдiрген оралмандар отбасыларының қоныс аударуы мен жайластырылуын ұйымдастыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының ?кіметi ұсынған оралмандардың 2004 жылға арналған көшiп келу квотасы 10000 отбасы мөлшерiнде белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының ?кіметi облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп:
1) көшiп келу квотасына енгiзiлген оралмандарды қабылдауды, жайластыруды және орналастырылған жерлерде олардың бейiмделуi үшiн жағдай жасауды қамтамасыз етсiн, сондай-ақ өзiнiң тарихи отанына мемлекеттiң қаржылай қолдауынсыз қайтып орала алмайтын ұлты қазақ адамдарды ұйымдасқан түрде көшiрiп алуды жүзеге асырсын;
2) бiр ай мерзiмде аймақтардағы әлеуметтiк-экономикалық ахуалды ескере отырып, оралмандарды орналастыру схемасын әзiрлесiн;
3) осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де шаралар қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 31 қазандағы
№ 1216 Жарлығына
ҚОСЫМША
ҚР Президентінің 2004 ж. 1 желтоқсандағы № 1476 Жарлығымен жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
Оралмандардың 2004 жылға арналған
көшiп келу квотасы (отбасы)