Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 17.08.99 Ж. № 1175 ҚАУЛЫСЫ

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 17.08.99 Ж. № 1175 ҚАУЛЫСЫ
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы

директорларының кеңесі туралы Қазақстан Республикасы

Үкіметінің 1999 ж. 17 тамыздағы N 1175 қаулысы

(ҚР Үкіметінің 17.08.02 ж. N 914; 07.05.03 ж. N 432;

29.11.03 ж. N 1217; 21.05.04 ж. N 570 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

Осы редакция 2004 ж. 26 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Бұрынғы редакцияларды қара

ҚР Үкіметінің 21.05.04 ж. N 570 қаулысымен атауы және мәтіндегі сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)

"Акционерлiк қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 07.05.03 ж. N 432 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру және мемлекеттiк мүлiк комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен "Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - Қор) акцияларының пакеттерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi кұқықтарын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне берсiн.

ҚР Үкіметінің 07.05.03 ж. N 432 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен Қордың директорлары кеңесiнiң құрамын қосымшаға сәйкес бекiту жөнiнде шаралар қабылдасын.

3. Директорлар кеңесi бiр апта мерзiмде Қорға несие беру туралы шешiмдердi қарау мен қабылдау тәртiбiн айқындасын.

ҚР Үкіметінің 07.05.03 ж. N 432 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

4. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн.

1) "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 26 сәуiрдегi N 665 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997ж. N 17, 152-құжат):

6-тармақтағы "Байқаушы кеңесi" деген сөздер "Директорлар кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

9-тармақтағы "Байқаушы кеңесi" деген сөздер "Директорлар кеңесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:

1 және 2-тармақтардағы "министрлiктерге" деген сөзден кейiн "және өзге де мемлекеттiк органдарға" деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

тақырыбы "өзге де мемлекеттiк органдар" деген сөздермен толықтырылсын;

215-реттiк нөмiрлi жол алынып тасталсын;

5. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамы Байқаушы кеңесінің құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы N 44 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 3, 17-құжат) күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі Н. Балғымбаев

Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң

1999 жылғы 17 тамыздағы

N 1175 қаулысына

қосымша

"Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" акционерлiк

қоғамы директорлар кеңесiнiң құрамы

ҚР Үкіметінің 17.08.02 ж. N 914 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда

ҚР Үкіметінің 07.05.03 ж. N 432 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 29.11.03 ж. N 1217 (бұр. ред. қара); 21.05.04 ж. N 570 (бұр. ред. қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді

Мисников - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Владимир Андреевич сауда министрлiгi Шағын бизнестi қолдау
 жөнiндегi комитетiнiң төрағасы, төраға
Тәжияқов - Қазақстан Республикасының
Бисенғали Шамғалиұлы Ұлттық банкi Төрағасының
 орынбасары (келiсiм бойынша)
Исаев - Қазақстан Республикасының Экономика
Батырхан Арысбекұлы және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
Күрiшбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы вице-министрi
Кадюков - Қазақстан Республикасының
Николай Викторович Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк
 мүлiк және жекешелендiру
 комитетi төрағасының орынбасары
Өзбеков - Қазақстан Республикасының
Ғани Нұрмаханбетұлы Қаржы вице-министрi
Манақбай - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту
Толымбек қоры" акционерлiк қоғамы Басқармасының
 төрағасы

Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!