Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы еркін сауда туралы келісім (1997 ж. 11 қараша, Алматы қ.) (2004.11.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Информация о документе
Датавторник, 11 ноября 1997
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 11 ноября 1997

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы еркiн сауда туралы
КЕЛIСIM
(1997 ж. 11 қараша, Алматы қ.)

 (2004.11.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Заңымен 1999 ж. 23 маусымдағы № 395-I Заңымен бекітілді

 

Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі,

өзара экономикалық ынтымақтастықты еркiн дамытуды ұстанатындықтарын растай отырып,

Қазақстан Республикасы мен Грузияның қалыптасқан интеграциялық экономикалық байланыстарын ескере отырып,

тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң еркiн қозғалысы өзара келісілген шараларды жүзеге асыруды талап ететiнiн тани келiп,

Қазақстан Республикасы мен Грузияның Тарифтер және сауда жөніндегі Бас Келісімнiң (ТСБК) және Бүкілдүниежүзілiк Сауда Ұйымының (БСҰ) принциптерiн ұстанатындықтарын растай отырып,

төмендегiлер туралы келiстi:

 

1-бап

 

Тараптар, тең құқық, өзара тиiмділiк және мүдделілік принциптерiн басшылыққа алып, Тарап-Мемлекеттерде қолданылатын заң актілерін сақтай отырып, тiке шаруашылық байланыстардың негiзiнде, меншiк түрлерiне қарамастан, шаруашылық қызметi субъектілерi арасында сауда-экономикалық қатынастарды дамытып, кеңейтетiн болады.

Тараптардың әрқайсысы басқа Тарабына экономикалық нұқсан келтiрерлiк әрекеттерге бармайтын болады.

 

2004 жылғы 11 қарашадағы Хаттамамен 2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

2-бап

 

1. Тараптар бірiнiң кеден аумағынан шығып, басқа Тарабының кеден аумағына арналған тауарлардың кедендік ресiмделуіндегі алымдардан, сондай-ақ экспортына және/немесе импортына қойылатын сандық шектеулерiнен басқа, барабар күшi бар кедендік баж алым, салықтар қолданбайды. Екi жақты негiзде жеке осы Келісімнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын Хаттамамен ресiмделiп, тауарлар келісiлген номенклатура бойынша аталған сауда тәртібінен алынып отырады.

Тараптар осы Келісімнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын көрсетiлген Хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасы мен Грузия арасында қолданылатын еркiн сауда режимiнен алуларды қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы еркiн сауда режимiнен алуларды кезең-кезеңімен жою кестесiне сәйкес жоюға келiсті.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами