Введите номер документа
Прайс-лист

«Тікелей аралас тасымалдар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 52-І Бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 26 января 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 7 февраля 2016

Тікелей аралас тасымалдар туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 52-І Бұйрығы

 

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1104 бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру және тікелей аралас тасымалдарды ұйымдастыру тәртібін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Тікелей аралас тасымалдар туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Транзиттік саясат және сыртқы байланыстар департаменті (Жұматаев Р.Н.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Т.Б. Әбілғазинге жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Министр

 

Қ. Нағманов

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрінің

2005 жылғы 26 қаңтардағы

№ 52-I бұйрығымен

бекітілген

 

Тікелей аралас тасымалдар туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Тікелей аралас тасымалдар туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңына сәйкес әзірленді, тікелей аралас тасымалдарды ұйымдастыру тәртібін белгілейді және тікелей аралас тасымалдарды жүзеге асыру кезінде тікелей аралас тасымалдары операторы мен жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, және өзге де тұлғалардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар:

1) жүк - жануарларды қоса алғанда, тасымалға қабылданған мүлік, жүк жөнелтуші ұсынатын, көлік жабдығы (контейнерлер, тұғырықтар және орамамен немесе тасымалдаумен байланысты басқа да заттар);

2) тікелей аралас тасымалдар шарты - тікелей аралас тасымалдары операторының жүк жөнелтушімен (жүк алушымен) жасасқан шарты, оның негізінде оператор жүктің тікелей аралас тасымалдарын ақыға жүзеге асыруды қамтамасыз етуге міндеттенеді;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом