Введите номер документа
Прайс-лист

«Суға батқан мүлікті көтерудің ережесі мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 58-І бұйрығы (2019.29.08. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датачетверг, 3 февраля 2005
Статус
Действующийвведен в действие с 4 августа 2005
Дата последнего изменениявторник, 17 сентября 2019

Суға батқан мүлікті көтерудің ережесі мен мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 3 ақпандағы № 58-І Бұйрығы

(2019.29.08. берілген өзгерістермен)

 

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Суға батқан мүлікті көтерудің ережесі мен мерзімдері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.Қ.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар вице-министрі Т.Б.Әбілғазинге жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Қ. Нағманов

 

Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация

министрінің

2005 жылғы 3 ақпандағы

№ 58-І бұйрығымен

бекітілген

 

Суға батқан мүлікті көтерудің

ережесі мен мерзімдері

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Суға батқан мүлікті көтерудің ережесі мен мерзімдері (бұдан әрі - Ереже) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Ереже суға батқан мүлікті көтерудің тәртібі мен мерзімдерін белгілейді.

3. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) суға батқан мүлік - ішкі су жолдары шегінде қалқып жүруіне немесе су астына, су түбіне кетуіне не саяз суларға немесе жағаға шығып қалғанына қарамастан, апатқа ұшыраған кемелер, олардың сынықтары, жабдықтар, жүктер мен басқа да заттар жатады;

2) кеме көтеруші ұйым - суға батқан мүлікті көтеруді, аластауды және жоюды жүзеге асыратын заңды тұлға;

3) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - аумақтық бөлімше) - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органы.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом