Введите номер документа
Прайс-лист

«Балалар мен жасөспірімдерге емдеу-алдын алу гинекологиялық көмегін ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 24 ақпандағы № 70 Бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 24 февраля 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 26 октября 2010

Балалар мен жасөспірімдерге емдеу-алдын алу гинекологиялық көмегін ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 24 ақпандағы № 70 Бұйрығы

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 12 тамыздағы № 631 Бұйрығымен күші жойылды

 

«Адамның ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Балалар мен жасөспірімдерге емдеу-алдын алу гинекологиялық көмегін ұйымдастыру туралы ереже бекітілсін.

2. Емдеу-алдын алу ісі, аккредиттеу және ақпаратты талдау департаменті (Нерсесов А.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Облыстық, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары (келісім бойынша) осы бұйрықты іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын.

5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау вице-министрі С.Ә. Диқанбаеваға жүктелсін.

6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Министр

Е. Досаев

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2005 жылғы 24 ақпандағы

№ 70 бұйрығына

қосымша

Балалар мен жасөспірімдерге емдеу-алдын алу гинекологиялық

көмегін ұйымдастыру туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы ереже меншік нысанына қарамастан балалар мен жасөспірімдерге емдеу-алдын алу гинекологиялық көмегін көрсететін медициналық ұйымдардың қызметінің тәртібін белгілейді.

2. Балалар мен жасөспірімдерге гинекологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар балалар мен жасөпірімдердің репродуктивті жүйесінің дұрыс дамуын, диагностикалық тексеруді, емдеу мен консультациялық көмекті бақылауды жүзеге асырады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом