Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметiн
көрсету үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдердi пайдалануды
ретке келтiру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 ж. 27 мамырдағы № 663 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 06.03.00 ж. № 359;
22.08.01 ж. № 1098; 14.02.02 ж. № 216; қаулыларымен
енгізілген өзгерістермен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 248 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекеттік қаражаттарды үнемдеу режимiн күшейту және қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 06.03.00 ж. № 359 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметін көрсету үшін қызметтік жеңiл автомобильдердiң тиiстiлiк нормативi (бұдан әрi Норматив) бекітілсiн.
2. Мыналарға:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасына "Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы мемлекеттік органдарға бекітілген қызметтiк жеңiл автомобильдердi олардың балансына беру;
2) Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттік органдарға, сондай-ақ орталық атқарушы органдар болып табылмайтын өзге мемлекеттік органдарға:
"Қазақстан Республикасы Президентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының балансындағы оларға бекітілген қызметтiк жеңiл автомобильдердi балансқа қабылдау;
2001 жылға дейiн қызметтік жеңiл автомобильдер паркiн жаңартпау;
көлiк қызметiн көрсетуге арналған шарттарды "Мемлекеттік мекемелердiң кредиторлық берешектерiнiң өсуiн болдырмау жөнiндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1336 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң аумақтық органдарында мiндетті түрде тiркей отырып, Нормативке сәйкес есептелген қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануға арналған шығыстар лимитінiң шегiнде ғана жасау ұсынылсын.