Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің реттеуші есебінің
тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулықты бекіту
туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2002 ж. 23 желтоқсандағы № 507 қаулысы
(ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 06.12.03 ж. № 431 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 ақпандағы № 39 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұр. ред. қара
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің реттеуші есебінің тізбесі, нысандары және ұсыну мерзімдері туралы нұсқаулық бекітілсін.
2. Осы қаулы 2003 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енеді.
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
4. Ақпарат технологиясы департаменті (Молчанов С.Н.) Қаржылық қадағалау департаментімен (Бахмутова Е.Л.) бірлесіп 2003 жылғы 1 шілдеге дейін "Екінші деңгейдегі банктерден есеп-статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу" шағын жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуін пысықтайтын болсын.