Табиғи монополиялар субъектiлерінің, шығындары олар көрсететiн
қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде
ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтердi сатып
алу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының
2003 ж. 6 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығы
(ҚР Табиғи монополияларды реттеу ж/е бәсекелестікті қорғау жөн/гі
агенттігінің 12.12.03 ж. № 321-НҚ; 02.03.04 ж. № 99-НҚ бұйрықтарымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 73-НҚ Бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 15 қарашадағы № 1713 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгi туралы ереженi басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. Қоса берiп отырған Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң, шығындары олар көрсететін қызметтерге тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларын) қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн материалдық, қаржылық ресурстарды және қызметтерді сатып алу ережесi бекітілсiн.
2. Заңнама және тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу департаментi (Жолдыбаева Ғ.Т.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттік тiркеуден өткізудi қамтамасыз етсiн.
3. Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (А.Т.Шабдарбаев):
Ережені ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңда белгiленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсiн;
Ереженi Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгінің құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының назарына жеткiзсін.