Жалпы білім беретiн және мектепке дейiнгі білім ұйымдарының қызметiн
регламенттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлердi бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2000 жылғы 10 шілдедегі № 708
бұйрығы (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 20.07.01 ж. № 595;
03.10.02 ж. № 713; 06.11.03 ж. № 729 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2005 ж. 10 наурыздағы № 145 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1839 қаулысымен бекітiлген "Тиiстi үлгідегi білім беру ұйымдары туралы үлгi ереженi бекіту туралы" қаулысын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса тiркелген (1, 2, 3, 4, 5, 6 қосымшалар) жалпы білім беретiн және мектепке дейiнгi білім ұйымдарының қызметiн регламенттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлер:
1) Қазақстан Республикасының мектепке дейiнгі ұйымдарының қызметiн ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер;
2) Қазақстан Республикасының жалпы білім беретiн мектептерiнiң қызметiн ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер;