"Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі
істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі Нұсқаулықты бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің
2001 ж. 20 маусымдағы № 486 бұйрығы
(ҚР Ішкі істер министрінің 10.12.02 ж. № 777; 28.01.03 ж. № 43;
29.09.03 ж. № 536; 2005.05.01. № 1 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2005 жылғы 9 наурыздағы № 151 Бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ішкі істер органдарының әкімшілік қызметін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес реттеу және ретке келтіру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
ҚР Ішкі істер министрінің 2005.05.01. № 1 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Ішкіісминінің Департаменттері мен дербес басқармаларының, Мамандандырылған күзет қызметі республикалық бас басқармасының, Астана қаласының ІІБ, Алматы қаласының ІІББ, облыстық және көліктегі ІІББ-ІІБ бастықтары осы Нұсқаулықты басшылыққа алсын және оны бұлжытпай орындауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының жеке құрамы осы бұйрықпен таныстырылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуы Қазақстан Республикасының ішкі істер Вице-министрі И.И. Оттоға жүктелсін.
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
Ішкі әскерлер қолбасшысы
генерал-майор
Қазақстан Республикасы
Ішкіісминінің
2001 жылғы 20 маусымында
№ 486 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексін ішкі істер органдарының қызметінде қолдану жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер