Лицензиялау туралы Қазақстан Республикасының
1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2200 Заңы
(2004 ж. 9 шілдеге берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 жылғы 15 сәуірдегі № 45-III Қазақстан Республикасының Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
ҚР 08.10.99 ж. № 471-1 Заңымен бас тақырыбы жаңа редакцияда
I тарау. Жалпы ережелер (1 - 8 баптар)
II тарау. Мiндеттi түрде лицензиялауға (9 - 11-1 баптар)
жататын қызмет түрлерi
III тарау. Тауарлар (жұмыс пен қызмет) экспорты (12 - 14 баптар)
IV тарау. Лицензия берудiң шарттары мен тәртібі (15 - 22 баптар)
V тарау. Лицензиялау туралы заңдарды (23 - 26 баптар)
бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
ҚР 08.10.99 ж. № 471-1 Заңымен кіріспе алып тасталды
I тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңмен реттелетiн қатынастар
1. Осы Заң лицензиялауға жататын қызметтi немесе белгiлi бiр iс-әрекеттi мемлекет тарапынан лицензиялауға байланысты қатынастарды реттейдi.
2. Бұл Заң азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың арасында жасалған лицензиялық шарт аясында лицензия беруге байланысты қатынастарды реттемейдi.
2-бап. Лицензия ұғымы
Азаматқа немесе заңды тұлғаға белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға немесе белгiлi бiр iс-әрекет жасауға құзырлы мемлекеттік орган беретiн рұқсат лицензия деп ұғылады.
ҚР Президентінің 23.12.95 ж. № 2720 Жарлығымен 3-бап өзгертілді ҚР 02.07.97 ж. № 144-1; 10.07.98 ж. № 283-1; 08.10.99 ж. № 471-1 Заңдарымен 3-бап өзгертілді
3-бап. Лицензиялаудың негiзгi принциптерi