Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 27.12.04 Ж. № 1405 ҚАУЛЫСЫ

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы
органдардың резервтерiн пайдалану ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 1405 қаулысы

Осы редакция 2005 ж. 28 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесi бекітілсiн.

2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

1) "Қазақстан Республикасының Үкіметі резервiнiң қаражатын пайдаланудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi № 1408 қаулысы;

2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi № 1408 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 ақпандағы № 230 қаулысы;

3) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 18 қыркүйектегi № 1408 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 14 қыркүйектегi № 1210 қаулысы.

3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

міндетін атқарушы

 

 

 

 

 

 

 

А. Есімов

Қазақстан Республикасы

Үкіметінiң

2004 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 1405 қаулысымен

бекiтілген

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң және жергiлiктi атқарушы

органдардың резервтерiн пайдалану ережесi

Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану тәртібін айқындайды.

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі комиссия (бұдан әрi - Комиссия) - Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы халықаралық iзгiлiк көмек мәселелерi жөніндегі консультативтiк-кеңесшi орган;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом