Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Көшi-қон және демография
мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссияны құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 82 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 28 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Көшi-қон және демография мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссия құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Көшi-қон және демография мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссия туралы ереже бекітілсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 26 қаңтардағы № 82 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметi жанындағы Көшi-қон және демография
мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссияның құрамы
Есiмов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Ахметжан Смағұлұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрi, Комиссияның төрағасы
Жағанова - Қазақстан Республикасы Көшi-қон және
Алтыншаш Қайыржанқызы демография жөніндегі агенттiгiнiң
төрайымы, Комиссия төрағасының орынбасары